Кейбір жағдайларда жұмыс берушімен әңгімелесу Сізді стреске түсіруі мүмкін. Әңгімелесу барысында сіз күтпеген ситуациялар орын алуы да ғажап емес... Осы мақаладан сіз әңгімелесуден сәтті өту және табысқа қол жетудің 5 пайдалы кеңесін таба аласыз.

Ақпарат жинаңыз

Жұмыс берушіге барудың алдында ақпараттық шолу жүргізген жөн. Әңгімелесуді кім (рекрутер, тікелей жетекші немесе барлығы бірге) жүргізетіндігі, әңгімелесу қандай нысанда (топпен немесе жеке, сұрақ-жауап немесе өзін-өзі таныстыру) өтетіндігі туралы біліп алған жөн. Сонымен қатар Сізге алдын ала жол маршрутын ойластыру үшін кеңсенің нақты орналасқан жері, компания мен бос орын туралы жалпы ақпаратпен танысуға кеңес береміз.  Әңгімелесуге келер алдында дресс код туралы ойластыруыңыз абзал. Жаңа аяқ-киімді немесе жарқын түсті ультра сәнді жейдені киіп барып өзіңізді жайсыз сезінбеуге тырысыңыз. Сіздің бүкіл назарыңыз тек қана әңгімелесуде болуы тиіс.

СҰРАҚТАРҒА АЛДЫН АЛА ЖАУАП БЕРІҢІЗ

Жақында ғана өткен әңгімелесуден кейін қойылған сұрақтар туралы ойланамыз. Сондай сәтте «Неге мен олай жауап бердім? Маған басқаша жауап беру қажет еді. Мысалы, ...» деген ойлар бізді мазалайды. Алайда әңгімелесу аяқталды, өзгерту мүмкіндігі жоқ.

Өзіңізді мұндай ойлармен қинамас үшін бірнеше сұрақтарға алдын ала дайындалған жөн, себебі қойылатын сұрақтар әдетте көптеген компанияларда стандартты болып табылады. Үлгілік сұрақтардың тізімі келесідей: «Өзіңіз туралы айтып беріңіз», «5, 10 жылдан кейін өзіңізді қайда көресіз?», «Сіздің мықты және осал қасиеттеріңіз» және т.с.с. Алдын ала дайындалу сізге тек қана сенімділік береді.

HR менеджер сізге терең ойлауды талап ететін кейстік сұрақтарды да қоятындығы сөзсіз. Мысалы, «Басшылықпен араларыңызда жанжал болды ма? Болған жағдайда, мұндай ситуациядан қалай шықтыңыз?» деген секілді сұрақтар арқылы жұмыс беруші мен оның өкілі сіздің жауапкершілік деңгейіңізді немесе жауапкершілікті басқа адамға жүктеуге қаншалықты дайын екендігіңізді білуге бағытталған. Күрделі сұрақтарды қою арқылы рекрутер сіздің ойлау логикаңызды, мінез-құлқыңызды және т.б. бағалайды. Ең бастысын ұмытпауға шақырамыз! Егер қалай дұрыс жауап беруді білмесеңіз, шындықты айтыңыз! Жұмыс беруші сізге қызығушылық білдіргендігі туралы ұмытпаңыз! Сізді әңгімелесуге шақырды. Сізден рекрутер дұрыс кандидатты таңдағанына көз жеткізуі үшін әрекет жасаңыз.

СЫРТ БЕЙНЕІҢІЗГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Адамның сырт бейнесі тек қана киім-кешек пен дұрыс макияждан тұрмайды. Сырт бейнемізді сөйлеу манерамыз, мінез-құлқымыз толықтырады. HR менеджерлерде біз секілді қарапайым адамдар және вербалды емес белгілерге, атап айтқанда сырт бейнеге, мимикаға, дене қимылына және т.с.с. назар аударады.

«Дене тілін» алдын ала ойластырыңыз. Егер қобалжыған кезде тырнағыңызды тістесеңіз, мұндай жағымсыз қасиетіңізді бақылаңыз, ең дұрысы, мұндай қасиеттен мүлдем айырылған жөн. Егер мазасызданған кезде қолыңызды көп қимылдатсаңыз, қолыңызда, мысалы, қалам алып көріңіз. Шынайы бол, тілдесушінің көзіне тіке қарңыз және күліңіз. Күлімсіреу жағдайды бәсеңдетеді.

ЖҰМЫС БЕРУШІНІ «БАҒАЛАҢЫЗ»

Жұмыс берушімен тілдесу барысында іскерлік, кәсіби және жеке қасиеттерімізді қоспағанда, тіпті өз атымызды ұмытып қалуымыз мүмкін.

Қобалжудан айырылу үшін жан-жағыңызды бағалаңыз. Кеңсеге, техникаға, компания қызметкерлеріне назар аударыңыз. Міне, осындай құрамдас бөліктер арқылы ақпарат алуға болады. Компания мен әлеуетті әріптестерді бағалау қобалжудан айырылуға көмектеседі. Компания сіз секілді жақсы қызметкерді қалайды.

БАСТАМАШЫЛ БОЛЫҢЫЗ

Жұмыс берушімен әңгімелесу барысында өзіңізді қызықтыратын барлық сұрақтарды қоя аласыз.

Дұрыс сұрақтар сізге компания туралы қосымша түсінік беріп қана қоймай, сен туралы қалыптасқан пікірге әсер етеді. Сіздің тарапыңыздан «Сізден қоңырау күтейін бе, әлде өзім хабарласа аламын ба?», «Бұл позиция неге ашық?» және т.с.с. сұрақтар орынды болып табылады. Бұған қоса сіз өзіңізді бастамашыл қызметкер ретінде көрсетіп, рекрутерден осы лауазым үшін мінсіз кандидаттың қандай екендігін сипаттауды өтіне аласыз.

Берілген кеңестер өзіңізді жайлы сезініп қана қоймай. Өзіңізді үздік жағыңыздан көрсетуге көмектеседі деп сенеміз! Кандидаттың кәсіби қасиеттерімен қатар оның мінез-құлқына назар аударылатындығын есте сақтаңыз. Барлығы тек өз қолыңызда!

Түйіндемеңізді күтеміз... мүмкін... дәл сізбен кездесетін шығармыз :)