20-21 мамырда біз үшін өте маңызды іс-шара өтті. Біз бүкіл Қазақстан бойынша барлық әріптестеріміздің қатысуымен Reload 3.0 ұлттық конференциясын өткіздік. Біз одан әрі даму стратегиясымен бөлісіп, оларды өзгерістердің көшбасшысы болуға шабыттандырдық.

Reload 3.0 тұжырымдамасы барлық өзгерістер алдымен өзімізден басталу керек екенін көрсетеді, және тіпті аз ғана өзін-өзі жетілдіру процесі командаға әсер етеді және бизнесті түрлендіреді

Reload 1.0: Reload yourself

Сені басқаша ойлауға не мәжбүр етеді? Өз санаңды өзгертіп, жаңа шешім жолдарын табуға не итермелейді?

Біз жауапты білеміз. Жайлы зонаңыздан шығып, ойыңыздың үйреншікті өрісін өзгерту керек. Біз оны өте ерекше түрде, яғни квест түрінде орындадық. Иә, Иә, біз конференцияны спикерлермен мәжіліс залында емес, квест өткізуден бастадық.

Reload 2.0: Reload your team

Трансформация жолындағы келесі қадам - бұл команданың бір бөлігі болу және осы механизмдегі өз рөлін түсіну. Командалық рухты шыңдау бойынша біздің жаттығулар жасау кезіндегі фотосурет.

Біздің әріптестеріміз бір толқында және барлық тапсырмаларды бірге және бірлесіп орындады.

Ал видеода сіз қатысушылардың эмоцияларын көріп, сол күннің бүкіл атмосферасын сезіне аласыз.

Reload 3.0: Reload the business

Екінші күн - стратегия үшін арналған уақыт. Бірінші күн артта қалды, біз енді бизнесті талқылауға көштік.

Мұнда топ-менеджмент өздерінің трансформация жолындағы оқиғалары мен компанияны одан әрі дамыту туралы кеңестерімен бөлісті.

Reload 3.0 конференциясы өте жақсы өтті!  = ) Мықты команданың бір бөлігі болғыңыз келеді ме? Бізге қосылыңыз!