Наталья Александрова, саха

Банк Хоум Кредитте қазіргі таңда 39 ұлт өкілі қызмет етеді! Банк қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, бірге қызмет ету- ұлттық мерекелер, дәстүрлер мен дәм тату тұрғысында ғана емес, сонымен бірге жұмыс сәттерінде елеулі табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тәуекелдіктер департаменті Тәуекелдік инновациялар жөніндегі басқармасының талдаушысы болып қызмет ететін Наталья Александрова Қазақстанға Якутиядан көшіп келген. Натальяның айтуынша, банкте көпұлтты ұжымның барлық ұлттық және діни мерекелерді атап өту, басқа ұлттардың дәстүрімен және салтымен танысу- адамның дүниетанымын және рухани дамуын кеңейтеді.

 «Саяхат жасауды ұнатамын және болашақта көптеген мемлекеттерде болуды армандаймын. Банкте басқа ұлт өкілдерімен танысып, олардың салтын және тілін үйрене аламын. Біз түрлі ұлт өкілдері болғанымызға, сан алуан дәстүр мен дінді ұстануымызға қарамастан, біз Банк Хоум Кредит қызметінің барлық аспектілерін дамыту үшін бірге еңбектенеміз» - деді өз сөзінде Наталья.

Жаңа жылды бір рет емес, бір жыл ішінде бірнеше рет атап өткендігі Наталья мысал ретінде айтты. Ұжым арасында тіпті Жаңа жылға қатысты әзілдер де бар екен.

«Жаңа жылда біз басшымызды күттік, сол себептен Жаңа жылды ақпан айында атап өттік. Алайда оған қарамастан біз желтоқсан айында Рождество мерекесін тойладық, одан кейін Қытай халқы дәстүрлі жаңа жыл мерекесін, артынан Корей халқының жаңа жылын атап өтіп, соңында ұйғыр халқының ұлттық тағамдарынан дәм таттық. Жаңа жылды ақпан айында атап өткеннен кейін наурызда Ұлыстың ұлы күнін тойладық. Енді біз жазды күтудеміз» - дейді Наталья.

Якутияда Жаңа жылды жазда атап өтеді екен, енді ұлттық тағамдармен әріптестерін қуанту Натальянын кезегі келді. Наталья елімізде бірлік, тыныштық пен ашық аспан болуына тілектес.

Эльчин Алиев, күрд

Коммуникациялар ақпараттық жүйелері бөлімінің бастығы Эльчин Алиев көпұлтты ұжым кез келген компанияның сәтті жұмысының негізі деп санайды: «Әрбір ұлт ортақ мақсатты жүзеге асыруға өз септігін тигізеді. Түрлі пікір, арнайы білім мен дағдылар, кейбір жағдайларда сан алуан тәсілдер жылдар бойы жинақталып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз Банк Хоум Кредитте түрлі тілдерде сөйлегендіктен, клиенттермен тіл табыса аламыз». 

Эльчин әріптестерін Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесімен құттықтап,  мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелуіне тілектектерін білдірді.

Артур Меджлумян, армян

Сатып алулар басқармасының бастығы Артур Меджлумян көпұлтты Қазақстанда тұру басқа ұлттардың дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік береді деп санайды.

Артур барлық ұлттық мерекелерді атап өту, ұжымды біріктіретіндігіне және түрлі дәстүрлер дүниетанымды арттыруға ықпал ететіндігіне сенеді.

Көпұлттылық шыдамдылықты арттырады деп санайды әріптесіміз. Артур елімізде тыныштық, ұйымшылдық пен бірліктің болуына тілектес. 

Камила Тагирова, ингуш

 «Қазақ халқынын қонақжайлылығы, корей халқынан байсалдылығы, кавказ елінін жігерлігі және  басқа  ұлтқа тән ерекшеліктер қаржы ұйымының табысты қызмет көрсетуіне көмектеседі»- деп есептейді шығындарды бақылау бөлімінің аға маманы Камила Тагирова.

  Мысалы, қазақ халқына тән қонақжайлылық клиентке бағдарланған қызмет көрсетуге ықпал етеді.  Клиенттеріміз бізге келгенде, оларға қажетті барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Осылайша, банктің қызметтерін алу барысында жайлылықты артамыз. Әрбір клиентке үлкен құрметпен қараймыз» - дейді Камила.

Камила өзге халықтардың дәстүрін, мінез ерекшеліктерін және ұлттық тағамдарын құрметтейді. Мысалы, Камила Наурыз мерекесінде бауырсақ пісірсе, арасында чепалгаш деп аталатын ингуш халқының ұлттық күлше нанын пісіреді.

«Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесі  күніне кавказ халлқының ұзақ ғұмырын және әр жанұя ушін  молшылық  тілеймін»- дейді Камила

Кирил Бачваров, болгар

Маркетинг департаментінің директоры Кирил Бачваров Қазақстанға жұмыс барысымен осыдан төрт жыл бұрын Болгариядан көшіп келген.

«Әрине, мен жұмыс барысымен келген мемлекетте маған қаншалықты жайлы болатындығын білмедім. Алайда Қазақстанға келгенде барлығы менің ойлағаннан  әлде оңай  болды.

Қазақ халқының қонақжайлылығы менің қонақта екендігімді тез ұмытуға көмектесті. Және аз ғана уақыт ішінде мен өзімді үйдегідей сезіндім. Бұған қоса қазы-қарта, шын мәнінде, өте дәмді» - деді Кирилл өз сөзінде.

Кирил банкте көп ұлт өкілдері жұмыс істейтіндігіне қуаныщты екендігі туралы айтты.

«Рақмет!» деп алғыс білдірген сәтте «Нема за що!» деген жауапты алуға болады. Осылайша «Оқасы жоқ!» деген сөзін украин халқының өкілдері жеткізеді. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!» - деп сөзін қорытындылады.

 

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Банк Хоум Кредиттің ұжымы тек қана алдыға ұмтылып, достық пен бірліктің жарқын мысалы бола берсін.