Түйіндемені рәсімдеу кезінде оған суретті қосу керек пе немесе қоспау керек пе деген мәселеден артық мәселе жоқ шығар. 

Болу немесе болмау?

 

 
 
Мысалы, Сіз суретті қоспауды шештіңіз. Әдетте, бұны былай түсіндіреді – жұмыс беруші менің бел-әлпетімді емес, кәсіби деңгейімде бағалауы керек. Және мұнда сіз дұрыс ойлайсыз! Бірақ басқа жағынан, көпшілік адам визуалды қабылдайды, яғни біз визуалды бейнелер және суреттер арқылы ақпаратты жақсы қабылдаймыз. Сонда Сіздің суреті бар түйіндемені қарағанда, жұмыс беруші Сіздің суретіңізді түйіндемеде көрсетілген тәжірибемен және дағдылармен ассоциацияланады, және жұмыс берушіде нақты және есте сақталатын сипат пайда болады. Сәйкесінше, басқа кандидаттардың арасында сіздің ерекше болуыңызға мүмкіндігіңіз молырақ, нәтижесінде сұхбаттасуға шақыру алуға ұсыныс ұлғаяды.
 
Түйіндемеге суретті қосудағы тағы да бір дәлел – бұл кандидаттарды іздеу және тексеру кезінде интернетті пайдалану. Көптеген ірі компанияларда персоналды таңдау бойынша мамандар сұхбатқа шақырмас бұрын кандидаттың аккаунтарын әлеуметтік желілерде және басқа интернет ресурстарында тексереді. Сондықтан, олар бәрібір де сіздің бет-әлпетіңізді көреді. Онда жасырудың қажеті не?
 
Түйіндемеге суретті қосу үшін көптеген «иә» және «жоқтарды» атап өтуге болаы, бірақ біздің пікірімізше, суретті ҚОСУ КЕРЕК! Дегенмен, таңдау өзіңіздікі!
 
Егер сіз суретті түйіндемеге қосуға бел бусаңыз, онда оның сізге пайда әкелуіне тырысып көріңіз. Өзіңізге ұнайтын сурет кейбір кезде лайықсыз болады және оны түйіндемеге қосудың қажеті жоқ.
 
Сонымен, төменде түйіндемеге суретті таңдау бойынша бірнеше кеңес берілген, сонымен қатар ең кең таралған қателер келтірілген:

Сурет мақсатқа лайық боулы керек 

Демалыста немесе сыра барында түскен сурет сіздің жұмыс істеуден гөрі, демалуды ұнататыңыз туралы айтып береді. Үйдегі кілемнің немесе кафельдің жанындағы сурет сізге іскерлік имиджді қоспайды. 
 

Жалғыз, тек қана жалғыз

Достармен немесе бөгде адамдармен отырған суретті қоспаңыз. Ол сіздің тұлғаңыздан назарды қашырады, кей кезде түсініспеушіліктің себебі болады. Сұхбатта олар басқа адамды күтуі мүмкін.
 

Тым әдемі

Егер сіз продюсерлік орталыққа немесе модель агенттігіне түйіндеме жібермесеңіз, Жұмыс берушінің өзіңіздің сұлулығыңызбен және ерекшелігіңізбен таң қалдыруға тырыспаңыз. Ең жақсысы құжатқа түскен іскерлік стильдегі портретті таңдаған жөн. 
 

Мында қара

#қараптұрғанжоқпын түріндегі сәнді суреттер түйіндеме үшін емес, тек журналдар үшін лайықты. Театралды және ойланып тұрған суреттер керек емес. Камераға тік және өзіне сенімді қараңыз - бұл сіздің өзіңізге сенімді және жұмыс берушімен бетпе-бет кездесуге дайын екендігіңізді көрсетеді.
 

Тым көп алтын болады

Әдетте, қыздар көптеген аксессуарларды пайдаланады, бірақ мұндай жігіттерді кездеседі, мысалы, рэп мәдениеттің тұлғалары өздеріне шынжыр тағуды ұнатады. Осылар үшін біздің кеңесіміз – аксессуарларды көп пайдаланбаңыз, әсіресе, бетіңізді көруге кедергі келтіретін күн көзілдіріктерін немесе басқа заттарды пайдаланудан аулақ болыңыз.
 

Киім бойынша қарсы алады

Киіммен де түсініспеушілік болады. Біріншіден, ол ақ фонмен немесе сіздің теріңіздің түсімен сәйкес келмеуі керек. Және де тым ашық түсті иімдерді, торлы жейделерді, суреті бар футболкаларды немесе геометриялық сипаттағы киімді кимеңіз.

Киімде баланс боулы керек! Ол тым көп болмауы керек – ешқандай да да күртеше, бас киім. Мұнда ол тым аз да болмауы крек – жіпке ілінген топтар, мөлдік блузкалар, ашық дене.

 

Қай жыл екенін ұмытпаңыз 

Жас, әрі әдемі болып көрінгіңіз келсе де, сіздің суретіңіз 10 жыл бұрыңғы емес, сіздің қазіргі түріңізді көрсету керек  :)
 

Фильтрсіз 

Заманауи қосымшалар суретті түзету үшін қазір көп. Олар сізге көздегі мөлдірлікті, теріңізді жақсартып көрсетеді. Бұл жақсы, бірақ түйіндеме үшін емес!

Ешқандай да да түзетушілерді және фильтрларды пайдаланбаңыз. Жалған көріністі туғызбаңыз. Кездескенде, бұнын бәрі ашылады, және зиян келтіруі мүмкін, сіздің алдауды жақсы көретіңізді көрсетіп, сізге күрделі істерді бермейді.

 

Күліңіз, күліңіз…

Соңғысы, бірақ маңызды емес. Күліңіз! Ашық күлкі өзіне тартады. Позитивты адамдарды бәрі жақсы көреді! Егер сіз күрделі лауазымға ниет білдірсеңіз, күлкі артық болмайды.
 
 

Сәтті сурет тілейміз! Және сіздің түйіндемеңізді күтеміз… суретпен:)