Көптеген жұмыс берушілерге пандемия жағдайында жұмыс тәртібін өзгерту міндеті қойылды. Және қазіргі таңда қашықтан жұмыс істеу технологиясы ең маңызды шешімдердің біріне айналды.

 

Банк Хоум Кредит елдегі көптеген ұйымдар сияқты қызметкерлері мен олардың отбасыларының қауіпсіздігі үшін қашықтан жұмыс режиміне бірден көшті. Сондай-ақ қашықтан қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда қауіпсіздік пен алдын алу шараларын сақтай отырып, қызмет көрсетуін жалғастырды. Қызметкерлер Банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етсе, клиенттер қызметтердің көпшілігін онлайн түрде пайдаланады.

 

Банк Хоум Кредиттің Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директоры Жарқын Бекжанов қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс режиміне ауыстырудың негізгі өзгерістері туралы айтып берді. Директордың айтуынша, қызметкерлердің еңбек өнімділігі бұрынғы деңгейде сақталған.

 

 «Біз төтенше жағдай бастала салысымен жедел әрекет етіп, жұмыс тәртібін өзгерттік. Бұл жұмыс процесінің көпшілігін, сондай-ақ қызметкерлермен жұмысты сандық жүйеге жылдам көшіруге септігін тигізгенін мойындаймыз. Бар болғаны 3 күн ішінде біз Бас кеңсені  қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіріп, қызметкерлерді тиісті жабдықпен қамтамасыз еттік. Қызметкерлер жаңа жұмыс барысына бейімделіп, демалыс пен жұмыс уақытын сәтті үйлестіре білді. Бір ай өткеннен кейін қызметкерлердің еңбек өнімділігі артқанын байқадық. Әрине, бұл оңай емес, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік жойылады. Ағымдағы үрдісті ескере отырып, кейбір қызметкерлер карантиннен кейін де қашықтан жұмыс істеуін жалғастыруы мүмкін. Қазір біз тиісті даму жолдарын әзірлеп, қызметкерлердің кеңсеге біртіндеп шығу жоспарын дайындаудамыз. Қызметкерлермен байланыс әрдайым маңызды, ал қашықтан жұмыс істеу кезінде оның маңыздылығы тіптен арта түседі. Карантинде өзіңді басқарумен қоймай, қол астыңдағы қызметкерлерді басқаруға тура келеді. Ал мұндай режим бұрын соңды тәжірибе жүзінде іске асырылмағандықтан, бұл қиынға соғады. Біз екі басты мәселеге көңіл аударамыз. Біріншісі - бұл қызметкерлерді бизнес жаңалықтары туралы хабардар ету, жұмыс аспектілері бойынша мағлұмат беру, командалар арасында өзара қарым-қатынас орнату, екіншісі - бұл қызықтыру. Егер бірінші бөлімде біз корпоративтік поштаны, жүздеген қызметкерлер қатыса алатын кездесулер үшін Microsoft Teams жүйесі мен кері байланыс арналарын пайдалансақ, қызықтыру бөлімінде біз HYPE әлеуметтік желісін (Workplace платформасында) пайдаланамыз, онда біз функционалдық топтар арасында пайдалы ақпаратпен бөлісеміз және әріптестер күн сайын өздерінің жаңалықтарын, фотосуреттерін, лайфхактарын желіге салады. Бұл осы қиын кезеңде ұжымның ауызбіршілігін арттырады», - дейді Жарқын Бекжанов.

 

Осы уақыт ішінде ұжымда жұмыс істеу және ұжымды қашықтан басқару сияқты жаңа дағдыларды қалыптастыру және жаңа құзыреттілікті дамыту қажеттілігі сөзсіз артып отыр. Сонымен қатар біз құрылымдық бөлім басшылары арасында қызметкерлер алдында міндеттердің қойылуы, қашықтан жұмыс істеу кезінде өзара қарым-қатынас орнату, уақыт пен стресс деңгейін басқару сияқты дағдылар бойынша онлайн оқыту курстарын өткіземіз. Біз ең бастысы қашықтан жұмыс істеуге ынталандырудың жаңа түрін қалыптастыру мақсатында жұмыс жасаймыз.  

Онлайн оқыту курстарын басты назарға ала отырып, Банк порталындағы кітапхананы пайдалануға, ағылшын тілін өз бетінше, сондай-ақ онлайн түрде оқытушының қатысуымен оқытуға жағдай жасадық. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін жеке міндеттерді орындау мақсатында онлайн режимдегі кәсіби оқыту мен коучинг бағдарламалары іске қосылды.

 

Сонымен қатар, бастапқы оқыту мен қайта оқыту процесі онлайн режимге ауыстырылды, бұл жаңадан келген қызметкерлердің Қазақстанның қай аумағында болуына қарамастан, кәсіби даярлығына кепілдік береді.

 

Жарқын үйде отырып жоғары өнімділікпен жұмыс істеу үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға кеңес береді:

  1. 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс тәртібін әрдайым ұстану мүмкін емес, сондықтан тапсырмалар тізімін жазып алғаныңыз жөн. Сізге ең қолайлы немесе керісінше, қолайсыз жұмыс уақытын белгілей отырып, стресс деңгейін төмендетіңіз. Бұл балаңыздың ұйқыға кету немесе түскі ас әзірлеу уақыты болуы мүмкін. Басшыңыз бен әріптестеріңізге осы уақытта Сіздің қолыңыз бос болмайтынын немесе әдеттегіден баяу әрекет ететініңіз жөнінде хабарлаңыз.
  2. Өзіңізге ыңғайлы жұмыс орнын дайындап алыңыз. Әдетте демалатын жерде, жұмыс істемеуге тырысыңыз. Жұмыс, демалыс, көңіл көтеру орнын белгілеп алғаныңыз жөн.
  3. Үйдегілерге бұрынғыдай режимде жұмыс істейтініңізді айтып, жұмыс кезінде сізді үй шаруасына араластырмауын сұраңыз.
  4. Әрқашан байланыста болыңыз, хаттар, хабарламалар мен телефон қоңырауларына уақтылы жауап беріңіз. Барлық тілдесу жүйелерінде онлайн болыңыз, телефон әрдайым өзіңізбен болсын.
  5. Қашықтан жұмыс істеу кезінде көптеген кездесулер онлайн режимде өтеді. Кездесу соңында әріптестеріңіздің сізді түсінгендігі мен келісетіндігіне көз жеткізіңіз.
  6. Белгіленген уақытта таңғы ас, түскі ас пен кешкі асыңызды ішіңіз. Жұмыс уақытында демалысқа біраз көңіл бөлгеніңіз де жөн.
  7. Спорт туралы да ұмытпаңыз. Күніне екі рет жаттығу жасауға кеңес береміз.
  8. Әріптестермен қарым-қатынасқа да көңіл бөліңіз. Тек жұмыс жайында ғана сөйлеспей, жаңалықтармен, қызықты ақпаратпен бөлісіп, сүйікті сериалыңыз бен оқыған кітабыңыз жайлы айтып беріңіз.

 

Департамент директоры сондай-ақ өзінің лайфхактарымен бөлісті. Командамен әрдайым бір толқында болып, әріптестерінің ұйыммен байланысын сезінуі үшін командаға үнемі болып жатқан өзгерістер туралы хабарлау, дағдарыс кезінде қызметкерлердің еңсесін көтеру, жұмыс пен демалыс уақытын айыруға көмектесетін тиісті «салт жоралар» ойлап табу, қызметкерлердің эмоционалдық жағдайына ерекше көңіл бөлу маңызды екендігін түсіндірді.

 

«Үйде отырып жұмыс жасау бұрын қосымша жеңілдік ретінде бағаланып, жұмыс іздеуші үшін тартымды болып саналса, қазір оған деген көзқарасымыз сәл өзгергендігі байқалады. Мен осы дағдарыстан мықты, әрі ақылды болып шығатынымызға шын жүректен сенемін. Өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар!», - деп толықтырды ол.

 

Қашықтан жұмыс істеу жағдайында work-life тепе-теңдігін сақтау сіздің өнімділігіңіз бен денсаулығыңыз үшін өте маңызды екенін есте сақтаңыз. Сондықтан көп тапсырмаларды бірден орындаймын деп, демалыс уақытыңызды құрбан етудің қажеті жоқ.

 

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ – Орталық және Шығыс Еуропаны, ТМД елдерін, Қытайды және Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін қоса алғанда, әлемнің 10 елінде ұсынылған Home Credit N.V холдинг компаниясына кіреді. 15 жыл ішінде Қазақстанда 3,7 млн адам банк клиенттері қатарына кірді. Банк Хоум Кредиттің стратегиялық бағыты жауапты және қауіпсіз кредит беру болып табылады.