Хоум Кредит Тобында жыл сайын бейнероликтер байқауы өтеді. Жылда тапсырмалар әр түрлі, бірақ мақсат әрдайым бір – біздің банкте қаншалықты креативті және талантты қызметкерлердің жұмыс істейтінін көрсету.

Осы жылдың мамыр айында біз кезекті бейнебайқауды бастадық. Байқаудың тақырыбын танымал телешоу Got Talent-тен алдық. 

Байқауға қатысу үшін қызметкерлерге өзінің кез келген талантын бейнеге түсіре отырып, көрсету қажет болды. Нәтижесінде біз әріптестеріміздің тарапынан үлкен қолдау алдық: қызметкерлер өлең оқып, ән айтып және би билеп қана қоймай, сурет салудағы және спорттағы үлкен жетістіктерімен бөлісті. 

Жеңімпаз қалай таңдалды?

Құндылықтарымыздың бірі - әділдікті басшылыққа ала отырып, біз жеңімпазды анықтау үрдісін қызметкерлерге сеніп тапсырдық. Осылайша қызметкерлер дауыс бере отырып, жеңіпазды әділ таңдады. Бәсекелестік өте жоғары болды және көшбасшылар үштігі үнемі алмасып отырды. 

Финалда Семей қаласындағы біздің әріптестеріміз жеңіске жетіп,  шуақты Түркияға саяхатты ұтып алды. 

"Банктің қызметкерлерге басқа жағынан өзін танытуға мүмкіндік беруі - бұл тіпті керемет."

«Барлықтарыңызға сәлем) біз Алмат Сүгірбаевпен бірге HCB's Got talent байқауының ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді  - деп Салтанат HYPE корпоративтік әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында бөліскен болатын. - Банктің қызметкерлерге басқа жағынан өзін танытуға мүмкіндік беруі - бұл тіпті керемет. Әсіресе, Диляра Искаковаға АЛҒЫСЫМЫЗ шексіз, ол біздің еркелігімізді көтеріп, барлық жағдайымызды жасап, ыстық елде (Түркия-Бодрум) лайықты демалыспен қамтамасыз етті. Мармарис пен Фетхийенің өте әдемі айлақтарын көруге, Эгей және Жерорта теңіздерінің самал желдін сезініп, тұзды ауамен дем алуға, Изтузу жағажайларында күннің шуағына бөленуге, тау бөктерінде орналасқан түнгі уақытта қымбат бағалы тастардай жарқырап тұрған грек стиліндегі үйлерді көруге, теңіз сыйларынан дәм татып қана қоймай, оларды аулауға, оның ішінде король таңқы шаянын торға түсіруге,  терезесі теңізге шығатын жайлы бөлмелерде тұруға, Алтынқұм базарларында саудаласуға, жергілікті тұрғындармен түрік шәйін ішуге тамаша мүмкіндік туды. Бұдан да бөлек көптеген қызықты оқиғалар болды... ???Жалпы, демаласымыз өте сәтті өтті! Барлықтарыңызға тілегім бір – кез келген байқауға қатысып, жеңіске жетудегі талпыныстарыңызды тоқтатпаңыз, сонда ғана барлық еңбегіңіз ақталатын болады???"