Біздің сұхбатымыздың бүгінгі кейіпкері - біздің банкте 12 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Евгения Чаплыгина. Евгения өзінің мансап тарихын бөліседі, ол кездегі қиындықтарды және оның жұмысында қандай міндеттерді шешу керектігін толық сипаттайды. Сондай-ақ, Евгения «Хоум Кредит Банкі» АҚ-ның бастаушыларына жаңа жетістіктерге ұмтылу мен ұмтылыстарымен толы бағалы кеңес береді!

– Евгения, сiз Банкте қанша уақыттан бері жұмыс істейсіз? Қызмет кезінде бір лауазымнан екінші лауазымға ауысуыңыз жиі болды ма?

– Өте жиі болды (күледі - редакторы ескертпесі). Мен Банк Хоум Кредитте 2006 жылғы сәуірден бері қызмет атқарып келе жатырмын. Мен құжаттаманы тексеру жөніндегі оператор лауазымынан бастаған болатынмын. Жарты жылдан кейін мен аға маман лауазымына ауыстым. 2007 жылы мен авторизация бөлімін басқардым. Біз Мәскеудегі әріптестеріміздің тәжірибесін өзімізге қабылдадық, ал іске қосу процесі өте қызықты түрде өтті, өйткені егер қазір жүйе автоматтандырылған және тексеруді өзі орындаса, сол кезде біз бәрін қолмен жасадық: кеңсенің қабырғаларында карталар ілінген, ал біз қоңырауды қайда бағыттауды және қандай тексеру жүргізуді өзіміз қадағалап, өзіміз шештік.
Осы қызықты тәжірибемнен кейін мен кредиттік әкімшілендіру басқармасының бастығы болдым. 2009 жылы, мүмкін кейінірек (күледі - редакторы ескертпесі). Мен бұл лауазымда әлі күнге дейін қызмет атқарамын. Қазір менің басқармамның құрамына 4 бөлімше кіреді.

"МЕН ҚҰЖАТТАМАНЫ ТЕКСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР ЛАУАЗЫМЫНАН БАСТАҒАН БОЛАТЫНМЫН. ЖАРТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІН МЕН АҒА МАМАН ЛАУАЗЫМЫНА АУЫСТЫМ"

– Яғни 3 жыл ішінде сіз қарапайым маманнан басқарма бастығына дейін көтерілдіңіз бе?

– Иә, шынымен де.

– Біздің банкте 4 құндылық бар: әділеттілік, нәтижеге бағдарлану, іскерлік және инновациялылық. Сіз өткен мансап жолыңызға қарай отырып, сіз үшін негізгі болған құндылықты атай аласыз ба?

– Олардың әрқайсысы маған жақын. Жеке өзім үшін нәтижеге бағдарлануды ұстанамын, ал әріптестеріммен қарым-қатынаста мен үшін әділеттілік маңызды. Себебі басқарушылық қызметте мен әрбір адамның нәтижелеріне ғана сүйене алмаймын, мен барлығына бірдей әділ болуым қажет.

– Сіздің ойыңызша, Банк Хоум Кредитте қызметкерлер үшін кәсіптік дағдылардың көп салалы және кең базасы жұмыс істейді ме?

– Әрине! Егер сіз жаңа міндеттерді қабылдаудан және нәтижелерді көрсетуден қорықпасаңыз, басшылық сіздің жетістіктеріңізді көріп, сізге міндетті түрде жаңа мақсаттар ұсынады. Сіз осылайша өсе аласыз. Бұған банк қызметкерлері мен басшылары арасындағы ашық қарым-қатынас ықпал етеді. Тіпті қазір Лади (Ладислав Шимичек, Басқарма мүшесі, Ақпараттық технологиялар және операциялық қызмет департаментінің директоры) менен: «12 жыл өткен соң, қалай әлі күнге дейін Сіздің жұмысқа деген ынтаңыз сөнбеген?» - деп сұрайды.

"ЕГЕР СІЗ ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДАН ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ КӨРСЕТУДЕН ҚОРЫҚПАСАҢЫЗ, БАСШЫЛЫҚ СІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗДІ КӨРІП, СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАҢА МАҚСАТТАР ҰСЫНАДЫ"

Мысалы, біздің операциялық жұмысы туралы: «Бұл - жалықтыратын жұмыс» - деген пікір қалыптасқан.  Бұл мүлдем теріс пікір! Бізде күн сайын "бомба" жарылады (күледі - редакторы ескертпесі). Бұл жаңа сындар мен жаңа міндеттер! Пойызды теміржол рельстеріне қойғанан кейін, оның бірқалыпты жүруін бақылап қана отыра беру мүмкін емес. Себебі, үнемі кішігірім жөндеу жұмыстары қажет, бірдеңені бұрап, өзгертіп, жөндеп тұру қажет. Бір бөлшек істемей қалғаны туралы қалай білуге болады? Бұл туралы айтылады және бұл туралы талқыланады. Өз кезегінде, егер жұмыс жақсы жасалса, ол туралы айтылмайды!

– Банк Хоум Кредитке жұмыс істеуге жаңадан келгендерге қандай кеңестер берер едіңіз?

– Қорықпау керек! Барлық 100% - ға жұмысқа берілу. Тіпті қазір қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда мен олармен сауалнама өткіземін, ондағы бір сұрақ: «Жарты жылдан кейін өзіңізді қандай лауазымда көресіз?» Олардың жауаптары: аға маман, бөлім бастығы және т.б. Сұрақ: «Аға маман болу үшін Сіз қандай іс атқардыңыз?» Жауабы: «Ештеңе». Мұндай жағдайда, бірінші тармағыңызға қараңыз. Әрқашан өршіл болып қалу және өзіне және өз күшіне сенуді жалғастыру керек!