Көрнекті физик Альберт Эйнштейн адам өз үйреншікті өмірінен бас тарса, үлкен сыйлыққа ие болатындығын айтқан. Қазіргі заманда тұрақты сынақтарды іздеу барысында адамдар жиі жұмыстарын ауыстырып, өз ісін ашып немесе артық салмақтан арылып жатады.

Қазіргі кезде жүгіру көптеген адамдар үшін ерекше хобби болып табылмайды. Осылайша, өзіне жаңа сын-тегеурінді қабылдауға ниет білдіре отырып, қазақстандықтардың көбі өздері үшін "трейлраннинг" сияқты жаңа спорт түрін ашты. Ол дегеніміз ландшафттың күрделілігіне байланысты тегіс жерде жүгіруден асып түсетін құлазыған қу далада жүгіру. Табиғатта пайдаланылған газдардың, шаңның және түрлі улы элементтердің болмауының нәтижесінде жүгірудің осындай түрі әдеттегі қала ішіндегі жүгіруден әлдеқайда пайдалы болып табылады.

Қазақстанда трейлраннинг қозғалысы екінші жыл қатарынан Home Credit Tengri Series марафондары аясында "Банк Хоум Кредит" және "Экстремалды Атлетика" ҚБ бірлесіп сәтті дамытуда. Home Credit Tengri Ultra, Home Credit Tun Run немесе Home Credit Irbis Race сияқты трейлмарафондар жергілікті халық арасында ғана емес, өз күшін сынап көргісі келетін шетелдіктерге де танымал болды.

Біздің оқырмандарымыз үшін Home Credit Tengri Series трейлраннерлерінен (трейлранниг жүгірушісі) ең үздік 7 лайфхакты әзірледік.

№1 лайфхак. Қысқа қашықтықты таңдаңыз
Хелена Храдилова (Чехия)

Чехиядан келген кәсіпкер Хелена Храдилова үшінші рет Home Credit Tengri Ultra іс-шарасына қатысты. Хелена 2016 жылы 15 шақырым қашықтықтан бастап, ал қазір ол ойлы-қырлы жерде 35 шақырымды жүгіріп өтуге қабілетті.

Бастапқыда Tengri Ultra алғашқы жарысындағы фотосуреттердегі Қазақстанның әдемі пейзаждары оның назарын аударды. Өйткені Хеленаның айтуынша, Еуропада біздің елдегідей әдемі ландшафттар жоқ.

"Маған Іле өзенінің әдемі табиғаты, пейзаждары, ландшафттарының алуан түрлілігі ұнайды. Ол жерде дала да, төбелер де, каньондар да, өзен өткелдері де, жартастар да, тіпті кішкентай шөл дала да бар! Ал ауа райы келесі жолы жарыс қалай өтетіндігін шешеді. Жыл сайын жүгіруден кейін шаршап, шалдығып үйге оралғанда, мен марафоннан кейінгі мендегі толған энергия қорын сезінемін.

Тәжірибесі аз жаңадан келген адам үшін 15 шақырымдық қашықтықты жүгіруге кеңес беремін. Алдын-ала дайындалған жөн екендігін ұмытпау қажет. Өйткені маршруттарды білу және таулы жерден жүгіре білу жарысты сәтті аяқтауға өз септігін тигізеді".

№2 лайфхак. Марафонға дайындалыңыз
Педро Кастро (Испания/ Қазақстан)

Басқа марафоншы, Қазақстандағы испан тілінің оқытушысы Педро Кастроның айтуынша, таулы жерлердегі марафонға қатысу үшін жақсы дайындық қажет, себебі әдеттегі қала ішіндегі жүгіруден бұл түбегейлі ерекшеленеді.

"Мұндай жүгіруге қатысушының орташа есеппен 10 сағаттан артық уақыты кетеді. Бұл уақытты сіз ұйқысыз, дұрыс тамақсыз, тоқтамай жүгірумен немесе жүрумен өткізесіз.  Таудағы тұрақты жаттығуларды жасау міндетті болып табылады. Сіз тіпті физикалық жағдайыңызды бағалауға, мақсат қоюға, дұрыс жүгіруді үйренуге көмектесетін жаттықтырушыны жалдауыңызға болады. Сонымен қатар климатқа бейімделу өте маңызды. Себебі 2000 метрден астам биіктікте сіз қысымның арқасында ентігіп қалуыңыз мүмкін.

Сондай-ақ, тауға бармайтын асфальт үстінде жүгіретін марафоншы көтерілу немесе төмен түсу кезінде қиындықты сезінеді, себебі ол жазық жерде жүгіруге үйреніп қалған. Ал жай ғана тауда жүріп үйреніп қалған альпинист немесе тау туристі бұл қашықтықты жүгіру жаттығуларынсыз жүгіріп шыға алмайды".

Сондықтан осындай жүгірудің алдында, дәл сол биіктікте тауға шығу маңызды. Менің бапкерімнің "Жарыстарда өзіңді жақсы сезіну үшін жаттығу кезінде зардап шегу қажет" – деген сөзін айтқым келеді".

№3 лайфхак. Жүгіру бағытын тексеріңіз
Мейрам Кошенов (Қазақстан)

Бизнесмен, фитнес-жаттықтырушы Мейрам Кошеновтың айтуынша, жүгіруге қатысу алдында жолды зерттеу қажет. Бұл жарыстың сәтті аяқталуына көмек көрсетеді.

"Міндетті түрде картадан жарыс бағытын мұқият қарап, сол жерге алдын ала барыңыз. Егер өзіңіз біле алмасаңыз, трассаны білетін адамдардан сұрауға болады. Бірақ өзіңіздің жеке тәжірибеңіз әрқашан да дұрыс.

Тамақтану пункттері қайда орналасқанын, әр түрлі жүгіру орындарында ауа райы қандай болатын, пункттерде қанша уақыт тоқтауға болатыныны алдын-ала біліп алыңыз. Егер қашықтық 50 шақырымнан артық болса, онда ауа райы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл биіктікке де қатысты. Қанша су, тамақ алу керек екенін, қанша уақытта бір жерден екінші жерге жетуге болатынын есептеу керек. Ақпаратты өзіңіздің серігіңіз етіңіз".

№4 лайфхак. Киім-кешек туралы алдын-ала ойластырыңыз
Михаил Долгий (Ресей /Аустралия)

Аустралияда тұратын тәжірибелі жүгіруші Михаил Долгий жақсы, ыңғайлы киім, аяқ киім және дұрыс таңдалған және жүктелген рюкзак дене дайындығынан кем емес.

"Білгір қатысушылар киім-кешекті алдын ала тексеруге кеңес береді. Қалта шамының жақсы жұмыс істеуі және жаңбыршының жарты сағатта су болып кетпеуі өте маңызды. Бір нәрсе пайдаланылмай қалғаны, оның жетпегенінен жақсы.

Қатысушылар жаңа киім немесе аяқ киім киіп алып, нәтижесінде аяғын қажатып, өздерін ыңғайсыз сезініп жататын жағдайлар болады. Сондықтан марафонға киетін футболканы, күртешені, бас киімді киіп алып, бұл киімде ыстықтайтындығыңызды, тоңатындығыңызды немесе жайлы сезінетіңізді түсіну үшін тауға алдын-ала шығу керек.

Марафонға өзіңізбен бірге жылы киім, жылы күртеше және жылы артық шұлық алғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар, жаңбыршыға да назар аудару керек, себебі егер ауа жібермейтін болса, онда сіз терлеп, асудағы +5 градус температура кезінде ауырып қалуыңыз мүмкін.

Жалпы, киімнің жүгіру кезінде ыңғайсыздық тудырмауын ойлаңыз. Сонымен бірге жүгіру кезінде марафонның қашықтығы мен биіктігіне баланысты температура бірнеше рет өзгеруі мүмкін.

Ыңғайлы аяқ киімді таңдап алу өте маңызды. Тауға әдемі емес, ыңғайлы және сапалы аяқ киім кию дұрыс.

Өзіңізбен бір литрден артық су мен тамақ алыңыз".

№5 лайфхак. Жақсы нәтиже туралы ойлап, өзіңізді еркін ұстаңыз...
Айнур Капарова (Қазақстан)

Журналист, продюсер және коуч Айнұр Қапарова қыздарға жеңіл шалбар немесе ұзын леггинстерді кию дұрыс екендігін айтты. Себебі сүрлеу жолда бұталар немесе басқа да өсімдіктер кездесуі мүмкін.  Сондай-ақ жәндіктерден қорғау өте маңызды. Күннен қорғайтын крем, спорт көзілдірігі туралы да ұмытпаңыз. Сонымен қатар тек жүгіру кезінде ғана емес, әрқашан салмақты бақылау маңызды.

"Жүгіру кезінде әрбір артық килограмм сезіледі, әсіресе жоғары, төмен жүгіруге тура келетін жерлерде. Кез келген трейлдық жүгірудің алдында тауда бірнеше рет жүгіруге тырысыңыз.

Жүгіруден бір күн бұрын жақсы ұйықтап, демалу керек, аш немесе тоқ қарынға ұйықтамау керек. Таңертең ерте жүгіру керек болса, онда-жеңіл кешкі ас, және сұлы кашасы немесе құрма мен бананнан тұратын таңғы ас ішкен жөн. Жүгіру кезінде су ішіңіз. Егер су ішкіңіз келсе, онда ағзаңыз құрғағандығын әрқашан есте ұстаңыз.

Егер сіз тау алқаптарында бірінші рет жүгіретін болсаңыз, жолдағы көріністен ләззат алуды ұмытпаңыз.

Әдетте ұйымдастырушылар әсем көрінісі бар жерлерді таңдайды. Сондықтан өзіңізбен бірге телефонныңызды алып, суретке түсіріңіз. Бірінші жүгіру сізге жүлделі орын әкеледі деп ойламайтын шығарсыз? Сол себепті жаңа эмоциялар мен табиғатты сезініңіз!

Дәл осылай қиындықтан оңай абстракттануға болады. Жүгіру кезінде қанша жүгіріп өткендігі және қанша қалғандығы туралы ойлау қиын. Күліп, тынышталып, ойларыңыздың тыныштандырып, көңіл-күйіңізді жақсартыңыз!»

№6 лайфхак. Өзіңізге жақындарың мен туғандарың сенетініндей сеніңіз!

Сондай-ақ "Банк Хоум Кредит" қызметкерлері Tengri марафондарының жиі қатысушылары болып табылатындығын және олар оқырмандармен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін атап өткіміз келеді. Олардың арасында Тәуекелдер департаментінің қызметкері Роман Горбатенко бар:

"Tengri Series-тің әрбір жүгіруі өзінше ерекше және олардың әрқайсысында өз қырлары мен қиындығы бар. Мысалы, Home Credit Irbis Race қар тауларында сізге биіктіктен көтерілу қажет болса, Home Credit Tengri Ultra ыстық күнге күюге тура келеді. Бірақ әрқашан, қайда болмасаңыз да, бір нәрсе есіңізде болсын.

Сіз тәулік бойы жаттығып, қымбат кәсіби киім-кешек сатып ала аласыз, бірақ қашықтық барысында: Мүмкін дұрыс жаттықпадым? Мүмкін бір нәрсе ұмытып кеттім? Мүмкін аяқ киімді дұрыс таңдамадым?Мүмкін артқа қайтсам ба? Келесі жылы байқап көрсем ба? – деген түрлі ойларға тап боласыз. Осындай сәтте Сіздің жақындарыңыздың, сүйікті және туған адамдарыңыздың сенімін ақтау маңызды.

Егер олар сізге сенсе, сізге де жүгіріп өте алатыңызға сенуге тура келеді! Осындай сенімнің нәтижесінде мен барлық қатысқан марафондардарымды жүгіріп өтіп, жақындарым мен туған-туыстарымның сенімін ақтадым!!!!

Біздің жетістігіміз басқа адамдардың сеніміне байланысты екендігін әрдайым есте сақтауға тырысыңыз".

№7 лайфхак. Бірінші орында жүгіру кезіндегі ләззат сезімі! Home Credit Tengri Series жүгіруінің ұйымдастырушыларының бірі Вадим Винокуров трейлраннингпен айналысу кезінде ләззат алудың маңыздылығын атап өтті:

"Ең бастысы, жарысқа демалуға, табиғатты тамашалауға, қалалық қарбаластан алшақтауға келгеніңізді есте сақтауыңыз қажет. Трейлраннинг сізге толық еркіндік береді, бұл "жүгіру шығармашылығы" сияқты. Бұл спорт түрімен шұғылданатын адамдар қауымдастығы да керемет. Мен үшін олар әлемнің ең жақсы, ашық және адал адамдары. Қандай нәтижеге жеткеніңізге қарамастан, процестен ләззат алу әрқашан да бірінші орында тұратындығын, есіңізде сақтаңыз!".

Ақпарат көзі: www.nur.kz