2018 жыл Қазақстанның банк секторынның беріктігін сынаған жыл болды десе болады, екі банк өз жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, мысалы, "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ өзін нарықта сенімді сезінеді. Банктегі проблемалық кредиттердің саны аз болғандығына қарамастан, қаржылық институт қарыз алушыларды іріктеу үрдісін жақсартты.

Банктің қаржы директоры Анастасия Фокина Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі сұхбатында неге ақшалай кредиттердің саны белсенді түрде артқандығы және реттеуші органдардан қандай бастамалар күту керектігі туралы айтты.

— Анастасия, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында "Банк Хоум Кредит" АҚ ЕБ-нің табысы 10,8 млрд. теңгені құраған. Сіздердің табыс бойынша болжалдарыңыз ақталды ма?

— Банк бизнесті тиімді түрде дамытуды жалғастыруда және даму қарқынын біздің қаржылық көрсеткіштерімізден айқын көруге болады. Мәселен, жыл басынан банктің активтері 20%-ға, ал кредит портфелі12,6%-ға артты. Бұл ретте біздің депозиттік база 30%-ға өсті.

Мұндай жетістікке жету сату арналары мен елдің орасан зор бөлшек сатушыларының белсенді жұмысының, сонымен бірге тұжырымдылық жаңа өнімдердің нарыққа енгізілуінің нәтижесі. Мысалы, жақсы кредиттік тарихы мен тұрақты табысы бар клиенттерге төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен кредит алуға мүмкіндік пайда болды. Банктің адал клиенттері үшін 60 айға берілетін қарыздың максималды сомасы 2 млн. теңгеге дейін көтерілді.    

Банк ұсынатын өнімдердің арасында 0% -дық өнім бар. Өткен жылы біз нарыққа бірегей көпфункциялы «ДОС» кредит картасын ұсындық. Бұл карта клиент үшін тиімді артықшылықтарға ие. Атап айтқанда, картадағы кредиттік қаражатты 62 күнге дейін пайдалануға болады. Сонымен бірге нарықтағы ең жоғарғы 10%-ға дейін кэшбэктердің бірі осы картада қамтылған. «ДОС» картасымен кез келген дүкендерде тауарларды бөліп төлеудің икемді шарттарына, оның ішінде онлайн төлеуге қол жеткізуге болады. «ДОС» картасымен әлем бойынша саяхаттау ыңғайлы. Қолма-қол ақша алу кезінде банк комиссия алмайды. Кредит картасын іске қосқан сәттен бастап, «ДОС» картасы нарықтағы сұранысы жоғары қаржылық өнімдердің біріне айналды. «ДОС» картаны халыққа ұсынған сәттен бастап біздің карта арқылы сату көлеміміз 20%-ға өсті. Жылдың басынан бастап кредит карталары бойынша банк транзакцияларының саны жалпы 3 есеге өсті.

Банк бизнестің онлайн құрамдас бөлігі туралы ұмытқан емес. Осы жылы клиенттерімізге мобильді банкингтің жаңа нұсқасы қол жетімді болды. Осы арқылы біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің артуына негіз жасадық. Home Credit Bank қосымшасын пайдалану өте тиімді, оның дизайны өте ыңғайлы, мүмкіншіліктері кеңейтілген, кейбір коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде комиссия қарастырылмаған. Home Credit Bank қосымшасы клиенттерімізге Қазақстанның кез келген банк карталарының көмегімен өз кредиттерін online толықтыруға мүмкіндік береді.

— Сіздердің банктеріңіз тауарлық және ақшалай кредит ұсынады. Қай кредит үлкен сұранысқа ие?

— Біз үшін осы екі бағытта өте маңызды. Тұтынушылық кредиттің үлесі әрқашан елеулі болған және банк жұмыс істеген жылдар бойы 30%-дан түспеген. 2013 жылдан бастап біз ақшалай кредиттеудің көлемі біртіндеп өскенін байқадық. Бұл қарыз алушылардың кредит қаражаттардың көмегімен жүзеге асыратын мақсаттарының өзгеруіне байланысты.

— Жылдың басынан бастап тұтынушылық кредиттің орташа сомасы қалай өзгерді?

— Жаңа клиенттер үшін кредиттің максималды сомасы 1 млн теңге, ал кредитті қайта ресімдеген клиенттер үшін 2 млн теңге. Өткен жылмен салыстырғанда кредит бойынша орташа чектің сомасы өзгерген жоқ.  

— Сіздердің кредит портфеліңіздегі проблемалық кредиттің үлесі 3,5%-дан аспайды. Сіздер кешіктірілген төлем деңгейін қалай төмен ұстап тұрсыздар? 

— Шынымен де, нарықтағы жағдаймен салыстырғанда бізде проблемалық кредиттердің үлесі ең төменгі көрсеткіштердің біріне жатады. Бұл «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің (Қазақстан) тәуекелдікті басқару бойынша аса тиімді моделіне тоғысталған халықаралық Хоум Кредит тобының бір бөлігі болуына байланысты. Банк қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау кезінде жоғары технологиялы скорингтік модельді пайдаланады. Қарыз алушыларды кредит қабілеттілігін бағалау үрдістері әрдайым жетілдіріледі, сол себепті банкің бизнесі сапалы түрде дамуда. Банк жыл сайын тәуекелдікті басқару жүйесін дамытуға және жаңартуға көңіл мен қаражат бөледі.

— Мұндай скорингтік модель бойынша шығындардың орнын толтыру қанша уақытты алады?

— Әдетте, мұндай модель деректер ауқымы үлкен болған жағдайда тиімді жұмыс істейді. Қазіргі таңда біздің топтың белсенді клиенттерінің базасы 29 млн. клиентке жетті. Осыған байланысты скорингтік модель бойынша шығындардың орны қысқа уақытта толтырылады. Мысалы, біздің топ жұмыс істейтін Үндістанда қарыз алушылардың төлеу тәртібімен қиындықтар болған. Бірақ скорингтік модельді енгізгеннен бастап жасанды интеллекттің негізінде кредит портфелінің сапасы үш есеге жақсарды.

— Кредитті ресімдеу кезінде ЭЦҚ-ны пайдалану туралы заң жобасын талқылау қазіргі сәтте қандай кезеңде?

— Қазір бұл тақырып қызу талқылануда, ЭЦҚ-ны пайдаланудың белгілі бастамалары қарастырылуда. «Құмсалғыш» шеңберінде банктерге эксперимент ретінде өз бетінше ЭЦҚ-ны шығаруға мүмкіндік беріледі, яғни  клиент бірінші рет банкке келгенде бірден өзіне тиесілі ЭЦҚ-ны алады. Келесі банктік операциялар үшін клиенттің банкке тікелей жүгінуі қажет емес.

— Бұл бастама қашан орындалады деп ойлайсыз?

— Әрине, ЭЦҚ бойынша опция тезірек енгізілгенін қалаймыз.

— Сіздің банк ЭЦҚ енгізу кезінде экожүйені қорғау механизмдерін қалай да пысықтай ма?

— Әрине, себебі біздің банк үшін ең маңыздысы – клиенттердің қауіпсіздігі. Мысалы, біздің банктің терминалдары биометриямен қамтылған. Биометрия арқылы біздің картамызды қолданатын клиенттердің саусақ іздерін алуға болады. Бұл технология біздің клиенттерді алаяқтықтан сақтайды, себебі саусақ іздері бір біріне ұқсамайды. Үндістандағы «Хоум Кредит» тобы өз клиенттерін көздің торын сканерлеу арқылы анықтайды. Сіздер білетіндей Үндістанда халық санағы көз торын сканерлеу арқылы жүргізіледі. Егер ҚР үкіметі осы бағытта қадам жасаса, жалған тұлғаларға кредит ресімдеу туралы алаяқтық сызбасы толығымен жойылады, ал кредитті онлайн түрде мақұлдау жылдам, әрі қауіпсіз болады.

— Әлемде көптеген банктер бөлімшелерін қысқартып, олар интернет компанияға айналуда. Жуырда Тинькофф банкінің иесі Олег Тиньков банк бөлімшелерінің ашылуына мүлдем қарсы екендігін айтты. Сіздің банк сату нүктелерін қысқартуды жоспарлауда ма?

— Шынымен де, Тиньков мырза түп негізіне қарайды, оның банкінде айқын стратегия құрылған, барлық операциялар онлайн түрде жүргізіледі. Мұндай стратегия  халықтың белгілі сегментіне арналған. Сонымен қатар банктің кейбір клиенттері банкке келіп, банк пен онда істейтін адамдарды өз көзімен көргісі келеді. Банк бөлімшелерін қысқарту немесе көбейту жоспарымызда жоқ. Бізде Қазақстан бойынша 41 бөлімше жұмыс жасайды. Банктің бөлімшелері мен филиалдарының жұмысы толықтай реттелген. Біздің бөлімшелер ыңғайлы және талап етілген жерлерде орналасқан. Біздің бөлімшелер өз шығындарын ақтайды және оларды ұстаудың мағынасы бар. Орташа мерзімді келешекте біз онлайн арналарды белсенді түрде дамытуды жоспарладық.

— Қазіргі таңда банктердің қорландыру жағдайы қандай?

— Қазіргі кезде банктер негізінде депозиттер арқылы құралдар тартады. Нарықтағы қарыз берешегінің белсенділігі шетел валютасы бағамының құбылмалылық жағдайында минималды болып саналады. Жақын арада бұл жағдай реттеліп, эмитенттерде бағалы қағаздарын өз бизнесін дамытуға салу мүмкіндігі пайда болатынына сенеміз.

Ақпарат көзі: kapital.kz