Біздің әріптестер нәтижелілік пен тапқырлығын жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де көрсетеді. Біз әрқашан жаңа ашылымдарға дайынбыз және бұлттың үстінен көтеріліп тұрған биік және қауіпті тауларды бағындыру бізді тоқтатпады.  Дәл сол жерде адамның ерік-жігері, күші мен рухы сынаққа алынады.

Біз үшін мүмкін емес нәрсе жоқ, ең бастысы – ықылас!

«ТАУҒА ШЫҚСАМ ЕКЕН!»

Сіздерге таудың басына шығуға дайындық туралы айтып жалықтырмай, бірден ең қызықты жерінен – Амангелді шыңын бағындырудан бастайық. Біздің әріптесіміз Темірланға биіктігі 4001 метрлік шыңды бағындыру туралы ой кенеттен келді, оны мүдделестер командасы қолдады. 

Сонымен 4 тамыз, сағат кешкі бес, «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты. Әріптестеріміздің сапары осы жерден басталды. Жорыққа 5 адам қатысты, оның ішінде тәжірибелі тау гиді Ильяс Галимбеков.

Солдан оңға дейін – Темірлан, Виктор, Асхат, Азамат.

Тау шатқалының қақ ортасында орналасқан «Тұйық су» альпинистік лагері біздің энтузиасттарды жылы және құрғақ шатырларымен, ыстық шаймен және биіктік туралы әңгімелерімен қарсы алды.

Лагерь орналасқан биіктік - 2468 метр.

Әңгімелер өз орнымен, бірақ қауіпсіздік техникасынан ешкім бас тартқан жоқ. Гид керекті альпинистік жабдықтарды үлестіріп берді. Әріптестер ертең өмірін сеніп тапсыратын жабдықтармен жақынырақ танысты. Біраз теориядан кейін жігіттер іс-тәжірибеге көшті. Нысанды киімдерді киіп алып, бірте-бірте жумар жабдығының  көмегін қолдануды үйрене бастады. 

«ҚИЫНДЫҚПЕН ТАУҒА ҚАРАЙ!»

Таң атты. Сағат 05:00 бәрі оянып, таңғы ас ішіп, жарты сағаттан кейін шыңға қарай аттанды! Ауа-райы қуантты, сол күннің қарсаңында болған жаңбырға қарамастан аспанда бірде бір бұлт болмады. Қолайсыз күн райының кесірінен олардың жорықтары кейінге қалар еді, бірақ сол күні барлығы солардың жағында болды!

Бірінші аялдама «Мыңжылқы» ауа райын болжау станциясы болды, 10 минуттық үзілістен кейін қайта жолға шықты. Мұздық көріне бастады.

45 минуттан кейін әріптестеріміз теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан жазық, шөпті алаң - Альпинград шыңына жетті.    

Керемет көріністерді қызықтағаннан кейін жігіттер әрі қарай кетті. Жұмсақ шөпті алаң жартасты тауларға айналды, осы жерде сынақ басталды.

«ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРУШЫЛАР!»

Жалғастыруға тұрарлық әдемі көріністер ашыла бастады.

Олар жетті! Негізгі мақсатқа тек қана 30 метрлік теп тегіс шатқалдар қалды. Бұл жерге жабдықтарсыз (арқан, жумар, карабин, баулар) көтерілу мүмкін емес. Бәрі соңғы серпінге дайын.

«Жорықтың ең қиыны – адам мен өзіңнің жабдығыңа сену екен, сізде өрілген бау, темір сынығы және тек қана өрлеуге деген құлшыныс ғана бар» дейді Темірлан. 

Ал міне, келіп жетті, «Амангелді» шыңы аяқтарының астында.

«Банк Хоум Кредит» туы теңіз деңгейінен 4001 метрлік биіктікте желбіреді.

Осы сәтте әрқайсысы адреналинді, өзіне және брендке деген мақтаныш, қуаныш сезімін бастан кешті.

«АСПАННАН ЖЕРГЕ!»

Бірақ масаттану сәті бірден жоғалды, себебі оларды одан да қиын қайтар жол күтті. «90% жазатайым оқиға төмен түскен кезде болады. Сақ болыңдар!», - деді гид.

Әріптестеріміз тез тамақтанып алып, қайтар жолға бет алды. Күтпеген жағдайсыз, әрі жылдам төменге түсті.

Әріптестеріміз әсерлерімен бөлісті, бәрінен бұрын не естерінде қалды екен?».

«Әрине ол - тілдесу. Басқа бөлімшелердегі әріптестеріңмен қашан осылай жақын тілдесесің, бір бақыраштан тамақ ішесің, бір шатырдың астында қонасың және бір сникерсті бөлісіп жейсің? Бұл бір қызықты оқиға болды, себебі ешқайсысы  осы құраммен, осы шыңға шығып көрмеген. Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ біз үшін осы биік шың ортақ болды. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. Бір-біріміз үшін жауапкершілікті сезіндік, әсіресе бір баумен байланып тік шатқалдардан өткен кезде. Осындай сәттердер команда бір бүтін болады екен. Әрқайсысымыз бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге жебеу болдық. Біздің бұл сапарымыз ұзақ уақытқа есімізде қалатыны сөзсіз», - деп өз әсерімен Виктор Батрак бөлісті.

«Шын мәнінде, бұл жақсы дайындалған сапар болды. Шатырда қонғанымыз, қауіпсіздік жабдықтарымен, жумармен қолдану, қанаттармен жүру нұсқаулықтарын өткеніміз маған ұнады. Гидтің бір қарқынмен жүргені бізге көп көмегін тигізді. Бағалы тәжірибе алдым. Біздің команда мықты және жақсы дайындалған. Әріптестеріммен жақын танысып, әңгімелестім. Барлығы да мейірімді және қайырымды болып шықты», - деп Асхат Айдарбаев өз қатысуын айтып берді.

«Мен Амангелді шыңын бағындыру командасының қатысушысы болғаныма өте қуаныштымын. Жөнге салынған жұмыс пен қолдаудың арқасында бұл сапар өте қызықты және еліктіргіш болды. Гидтің кеңестері өте бағалы болды, оның қаталдығы шыңды бағындыруға керек мінезімізді шынықтырды. Сонымен қатар басқа департаменттегі әріптестермен жақынырақ танысып, кешкі асты бөлісіп ішіп, олардың тәжірибелерін үйрендім. Егер менен «Осы командамен келесі шыңды бағындыруға дайынсың ба?» деп сұраса, менің жауабым әрине «иә» болады» - дейді Азамат Махаев.

Темірлан: «Бұл шешім мен үшін өте маңызды болды. Таулар сенің ішіңдегі адамды қалыптастыратындығын түсіндім. Сен өзіңді, өз қорқынышыңды жеңіп, жақындарыңа сенуге үйренесің. Шыңға жеткеннен кейін, сен өмірге басқа көзқараспен қарайсың, сен үшін мүмкін емес нәрсе қалмайды. Өзімнің әріптестерім мен гидіміз Ильяс Галимбековқа өте қиын шыңға жетіп, аман-есен келгенім үшін үлкен алғысымды айтқым келеді», - деп айтып, өзіне шай қойды.

Бағындырушалыр командасына қосыл!