Сәлем, сен университетті тәмамдағаннан кейін бір компанияға жұмысқа орналасып, осы компанияда мансабың жоғарылап, лауазымы басшыға дейін көтерілген адамды кездестірдің бе?
Егер жоқ болса, біздің қызметтес Эльвира Апсалямова саған өзінің тәжірибесі мен Үндістанға қалай көшкендігі түралы айтып береді.

 «МЕН ХОУМ КРЕДИТТЕ 9 ЖЫЛДАН АСА ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН»

2009 жылы Университетті бітіргеннен кейін Хоум Кредитке келдім. Содан бері мен осындамын.

Мен Хоум Кредитте жұмысымды бастаған кезде бұл жұмысты уақытша деп ойладым. Себебі университетті бітірген кезде нарықты толықтай білмеймін және Қазақстанда қандай банктер бар екендігін білмеймін, яғни әлі жаспын деп ойладым.

Бірақ мен осында жұмысқа орналасқаныма өкінбеймін, себебі мен кредит тәуекелінің талдаушысы қызметінен бастадым да, бірте-бірте өз дағдыларымды жетілдірдім. Өзім үшін жаңа бағдарламаларды аштым, әр түрлі ұсыныстар мен жобалар дайындадым. Хоум Кредиттегі сол кезден бері және қазір де ұнайтын жайт – өзіңнің идеяларыңды ұсына алу және оларды басшылықтың әрқашан ашық қабылдауы. Әрқашан Департамент директорымен де, Басқарма төрағасымен де ашық сөйлесе, өз пікірімізді білдіре аламыз. Дами аламыз.     

«ТАЛДАУШЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАП БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ДЕЙІН БІРТЕ-БІРТЕ ӨСТІМ»

Хоум Кредит – 10 елде жұмыс жасайтын халыаралық компания. Бұл басқа мемлекеттердің тәжірибесін алуға үлкен көмек береді. Мен көптеген конференцияларға қатыстым, соның ішінде Тәуекел департаментінде. Ол жерде басқа мемлекеттерде мен айналысатын жұмыспен аналысатын әріптестеріммен кездесу мүмкіндігін алдым. Мен жаңа нәрселерге үйрендім, ал олар біздің тәжірибені өздеріне қабылдады.  Хоум Кредит – халықаралық тәжірибе алудың үлкен алаңы. Басқа мемлекетке көшіп, жұмыс істеу мүмкіндігі шынайы.

«ҚАЗІР МЕН ХОУМ КРЕДИТ ШЕҢБЕРІНДЕ ҮНДІСТАНҒА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ КЕТЕЙІН ДЕП ЖАТЫРМЫН»

Банкте жұмыс істегеніме 9 жыл болды және бұндай шешім қабылдау мен үшін қиын болды. Жайлы зонаңнан шығу оңай емес. Мен өзімнің үйреншікті өмірім өзгеретінін түсінемін, себебі мен көп уақытымды өткізген жұмысымды қалдырайын деп жатырмын. Сонымен қатар тұратын мемлекетім өзгереді. Үндістан – өте ерекше және қызықты мемлекет (күледі – автордың ескертпесі). Ол халқының саны көптігінен тек Топтың ғана емес, бүкіл әлемнің негізгі мемлекеттерінің бірі болып табылады. Маған бұл мемлекетте бизнес қалай құрылатынын көру өте қызықты. Бұл жерде Қазақстанда жоқ көптеген IT және басқа да жаңалықтар, мен жұмыс істейтін скорингте және мақұлдау процессінде қолданылатын көптеген функциялар  бар. Ол өте тез дамитын мемлекет және менің тәжірибе жинауыма үлкен көмегін тигізеді. Бұл менің кезекті қадамым және Хоум Кредитке осы мүмкіндік үшін алғысым шексіз. 

«ХОУМ КРЕДИТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МАҒАН ЖАҚЫН»

Хоум Кредиттегі еңбек атмосферасы маған өте ұнайды. Ол адамдардың әділ болуына және нәтижеге бағытталуына көмектеседі. Осындай екпін банктің жаңа қызметкерлеріне беріледі де, олардың жеңіл үйреніп кетуіне мүмкіндік береді. Осы құндылықтар оларда еріксіз дами бастайды. Сол себепті менің ойымша құндылықтар өте маңызды.

 

БІЗДІҢ БАНКТЕ МАНСАБЫҢДЫ БАСТАУ ДА, ЖАЛҒАСТЫРУ ДА МҮМКІНДІГІ ТЕПЕ-ТЕҢ. БОС ОРЫНДАРҒА ТҮЙІНДЕМЕҢДІ ЖІБЕР ДЕ, БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛ!