Иә, тек қана таңдаулы қызметкерлерге! Call орталық операторының жұмысы өте маңызды. Біздің негізгі мақсатымыз - клиенттерді тыңдау, қажеттіліктерін түсіну, оларға қамқорлық білдіру. Біздің әріптестеріміз ең үздік қызметкерлер, ал Банк, өз кезегінде, қызметкерлерді дамытуға үлкен назар аударады.

Біз, әрине, жұмыс атмосфераның қаншалықты жайлы екендігі, тұрақты негізде мастер кластра өтетіндігі, қызметкерлер үшін күн сайын йога ұйымдастырылатындығы, қызметкерлердің арасында түрлі уәждемелік конкурстардың өткізілетіндігі туралы айтсақ та болады. Бірақ бұл жолы емес! Сіз біздің әріптестерімізбен тікелей танысып, олардың эмоцияларын сезіне аласыз!

Ең үздік сервис бойынша жүргізілген конкурстардың бірінің жеңімпаздарымен танысыңыздар. Біздің жеңімпаздарымыз әлемге танымал Дубай қаласына саяхаттап қайтты. Конкурсқа Банктегі жұмыс өтілі мен атқаратын лауазымына қарамастан әрбір қызметкер қатысқандығын атап өткен жөн. Бүгін біздің жеңімпаздарымыз конкурсқа қатысқан сәттен бастап саяхат барысындағы эмоцияларымен бөлісуге дайын!

Абдибаев Асхат, бөлімінің бастығы

– Конкурс барысында мен өзімді көшбасшы сезіндім. Мен үздік жұмысымның жемісін көріп қана қоймай, жұмыс барысында және демалыс кезінде әрбір қызметкер үшін жауапкершілікті толық сезіндім. Өзара көмектесуге дайын және тату ұжыммен керемет нәтижелерге қол жеткізуге болады деп санаймын.

Жұмаділ Думан, бөлімінің операторы

“Банкті жұмыс орным ретінде таңдағаным мен қабылдаған дұрыс шешімдердің бірі екендігі әрқашан білетінмін!“

– Шынымды айтсам, сәті түсіп, саяхатқа барамын деп ойламаппын. Мен шетелде осы күнге дейін болған емеспін және Банктің, ұйымдастырылған конкурстың, менің жұмысымның нәтижесінде осындай керемет тәжірибеге ие болдым. Банкті жұмыс орным ретінде таңдағаным мен қабылдаған дұрыс шешімдердің бірі екендігі әрқашан білетінмін.

– Клиенттермен жұмыс істейтін кәсіпқой ретінде маған Біріккен Араб Эмиратындағы сервистің жоғары деңгейі өте ұнады. Осы саяхат біздің жұмысымызға әсер етті деп ойлайсыз ба? Әлбетте! Мен жұмыс істейтін бөлімдегі әрбір қызметкер мен үшін қуанғанын білу мен үшін өте маңызды.

Түсіпова Айгерім, бөлімінің операторы

“Жұмысты 100%-ға орындасаң, еңбегіңнің бағаланғандығы жақсы уәждеме болып табылады“

– Менің аты-жөнімнің жеңімпаздар қатарынан табылуы мен үшін күтпеген тосын сый болды. Қолыма жүлделерді табыс еткен кезде ғана жеңімпаз болғаныма сене бастадым. Бұл мен үшін алғашқы тәжірибе болды және оның жұмыспен байланысты болғандығы тіптен керемет. Жұмысты 100%-ға орындасаң, еңбегіңнің бағаланғандығы жақсы уәждеме болып табылады. Мен үшін есте қалатын оқиғалардың біріне Ақ мешіт бару және қаланы толық көруге мүмкіндік беретін Бурдж Халифа мұнарасына көтерілу жатады.

Жаңабай Мағжан, бөлімінің операторы

“...маған Руб-Аль-Хали шөліндегі сафари қатты ұнады...“

Осы конкурсты ұйымдастырған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жеңгеніме кейде сенбей де қаламын.

– Бұл саяхат менің есімде мәңгілік қалатын болады, атап айтқанда, маған Руб-Аль-Хали шөліндегі сафари қатты ұнады. Құмды шөлдегі азарт жұмыс барысындағы түрлі клиенттермен тілдесуге ұқсап кетті.

Сатыбалдиева Мадина, бөлімінің операторы

– 19 қазан менің Банк Хоум Кредиттегі бірінші жұмыс күнім еді. Мен тек қана тәжірибелі қызметкерлер жеңеді деп ойлаған болатынмен. Алайда конкурста кез келген қызметкер жұмыс тәжірибесіне қарамай жеңе алады екен. Банк Хоум Кредитке осындай керемет мүмкіндік үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Қорыта келгенде, жетістікке жету формуласы қызметкерлердің жеке және кәсіби қасиеттерін біздің құндылықтар арқылы дамытудан тұратындығы туралы айтқымыз келеді.

Командаға қосылу үшін түйіндемеңді жібер және мүмкін дәл сен біздің рубриканың кейіпкері боласың!